Қызметтің атауы

Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацияның коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

Қызметті алушылар

Жеке тұлғалар

Қызметтің құны

Тегін

Қызмет көрсету мерзімі

1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай - ақ портал арқылы өтініш берген кезде – 5 (бес) минут;

2) Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу жөніндегі деректер ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді;

3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

4) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде

Жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияда: еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі күні және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз.

Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, қызмет алушының таңдауы бойынша, "электронды" кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті "брондауға" болады;

2) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

Қажетті құжаттар

Мемлекеттік корпорацияда:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын кәуландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ - сымен немесе бір рет пайдаланатын құпиясөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік номері порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, электрондық құжат нысанындағы өтініш.

Порталда электрондық сұранысты қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттарының, баланың туу туралы куәлігінің мәліметтерін (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.

Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік корпорация бір ай ішінде нәтижені сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу туралы анықтама не осы мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

 

"Қорғаншылық және қамқоршылық
жөнінде анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан

Қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу туралы анықтама

 

Осы анықтама ___________________________________________берілді. (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болғанда) _____________________________________мекенжайы бойынша тұратын (өтініш берушінің мекенжайы) шын мәнінде (қала, аудан) әкімінің 20___ жылғы "__" ________ № шешіміне сәйкес _____________ жылы туылған ____________________ (баланың туған күні) ___________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болғанда) және оның _________________________________________________ (мекен жайы бойынша) мүлкіне қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалды. Кәмелет жасқа толмағанның анасы______________________________________ (Т.А.Ә. (бар болғанда), жоқтығының себебі) Кәмелет жасқа толмағанның әкесі _____________________________________ (Т.А.Ә. (бар болғанда), жоқтығының себебі) Қорғаншыға (қамқоршыға) қамқорлыққа алынатын баланы тәрбиелеу, оқыту, қоғамдық пайдалы қызметке дайындау және оның жеке мүліктік құқықтарын қорғау және сақтау, сотта және барлық мемлекеттік мекемелерде айрықша өкілеттіксіз оның өкілі болу міндеті жүктеледі. Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының басшысы ___________ ____________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болғанда) Мөрдің орны

 

"Қорғаншылық және
қамқоршылық
жөнінде анықтама беру"
мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан
Астана және Алматы
қалаларының,
аудандардың және облыстық
маңызы бар қалалардың
жергілікті
атқарушы органдары
____________________________
мекенжайы бойынша тұратын,
телефоны қорғаншы (қамқоршы)
____________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда),
жеке сәйкестендіру
нөмері)

Өтініш

 

Сізден мына: _____________________________________________мекенжай бойынша тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балаға (балаларға) қорғаншылық (қамқоршылық) жөнінде анықтама беруіңізді сұраймын.

Балалар:

1) __________________________________________________________;

2) _________________________________________________________; (баланың Т.А.Ә. (бар болғанда) және жеке сәйкестендіру нөмері, туған жылы, туу туралы куәлігінің № көрсету) Ақпараттық жүйелерде сипатталған "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" ҚР Заңымен құпия қорғалатын мәліметтерді қолдануға келісемін. "____" _____________ 20__жыл ________________________________ қорғаншының (қамқоршының) қолы

 

 

"Қорғаншылық және қамқоршылық
жөнінде анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
___________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда)
немесе көрсетілетін
қызметті алушы
ұйымның атауы)
____________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

 

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

 

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2 тармағын басшылыққа алып, "Азаматтар үшін Үкімет" Мемлекеттік корпорацияның коммерциялық емес қоғамы филиалының № __ бөлімі _____________________________________________________________ (мекенжайды көрсету) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес Сіз ұсынған құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты _____________________________________________________________ (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы) мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: Жоқ құжаттардың атауы: 1) _________________________________________________________________; 2) _________________________________________________________________; Осы қолхат әр тарапқа біреуден 2 данада жасалды. Т.А.Ә. (бар болғанда) (Мемлекеттік корпорацияның қызметкері) _______________________ (қолы) Орындаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) ___________________________ Телефоны ____________________________________________________________ Қабылдаушының Т.А.Ә. (бар болғанда) ________________________________ (көрсетілетін қызметті алушының қолы) "____" _____________ 20__ жыл

 

"Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнінде анықтамалар беру"

мемлекеттік қызмет реглментіне

1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттері диаграммасы

"Қорғаншылық және қамқоршылық

жөнінде анықтамалар беру"

мемлекеттік қызмет реглментіне

2-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-үдерісінің анықтамалығы

   
© ALLROUNDER